Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қазығұрт тауы
A1 - Қарапайым деңгей · 123 сөз

Қазығұрт тауы

Аудио плеер
0:00 --:--
Қазығұрт тауы туралы бірнеше аңыз бар. Қарттар: «Қазығұрт тауы жер мен аспан пайда болған кезде пайда болды. Ол биік емес. Бірақ ел оны қасиетті тау деп айтады», - дейді. Ертеде барлық жерді су басады. Сол уақытта Қазығұрт тауы ғана су астында қалмайды. Адамдар Нұх пайғамбардың кемесі осы таудың басына тоқтаған дейді. Қазығұрттың басында бір үңгір бар. Үңгірдің үстінде бір ағаш бар. Ел оны Қазығұрт атаның моласы деп біледі. Адамдар осы жерге зиярат жасайды. Қазақ ақындарының Қазығұрт басында Нұх пайғамбардың кемесі қалғаны туралы өлеңі бар. Өлеңде түйе, жылқы және басқа жануарлар аталады. Қазығұрттың басы түйенің өркеші сияқты. Адамдар бұл туралы да аңыз біледі. Аңызда Қазығұртпен ұрысу үшін басқа таулар келеді. Бірақ олар ұрыспайды. Біреуі ғана қылышпен тауды бір ұрады. Сондықтан Қазығұрттың басы айыр болды.
Жинаушы: А. Диваев. «Тарту» жинағы. – Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924. – 146-б.