Бір күні түлкі, тасбақа және кене жолдан тары тапты. Олар тарыны егіп, кейін бөліп алуды ойлады. Түлкі бір жардың түбіне барып:
– Мен жарды сүйеп тұрамын, - дейді.
Тасбақа жерді жыртады, кене тарыны егеді. Олар көп жұмыс істейді. Тары піскенде, оны жинап алады. Сол кезде түлкі:
– Тарыны үшке бөлу үшін жарысайық,-дейді. Жарыс басталғанда кене түлкінің аяғына жабысады. Түлкі қырманға жеткенде, кене:
Әй, мені басасың ба?-дейді.
Ай... сен қашан келдің? - деді түлкі.
Түлкі мен кене ұрсысады. Сол кезде тасбақа келеді.
Екі иті, екі аты, екі бүркіті бар, екі адам келе жатыр. Олар түлкіні сұрады, -дейді.
Мен туралы айтпаңдар. Тарыны сендер алыңдар,-деп түлкі қашып кетеді. Тарыны тасбақа мен кене бөліп алады.