Күн суытты. Түнде біз жылы көрпе жамыламыз. Таңертең суық, төсектен тұрғың келмейді. Апам да даладан тоңып келеді. Ол от жағып, қолын жылытып:
– Қыс келе жатыр. Балалардың жылы киімі мен етігі жоқ, - деп жиі айтады.
Бір күні апам Дәмет пен Мақаштың апаларын және көрші ауылдың бір қызын шақырды. Үйде бауырсақ пісіріп, самаурын қойды. Қыздар күпі тігуге кірісті. Олар маған бір сабақ жіп беріп, Бәтіш жеңгеме апаруды тапсырды. Ол маған құрт-май берді. Кешке қыздар күпіні бітіріп, үйлеріне қайтты. Апам оларға алғыс айтты.