Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қыс қамы (Жұмаш айтқанынан)
A2 - Базалық деңгей · 115 сөз

Қыс қамы (Жұмаш айтқанынан)

Аудио плеер
0:00 --:--
Күн суық, бәріміз жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең өте суық, төсектен тұрғың келмейді. Апам да даладан тоңып келеді. От жаққан соң қолын жылытып: – Қыс жақындап қалды. Балалардың жылы киімі мен етігі жоқ, - деп уайымдайды. Үйге от әкелген әйелдер мен апамның әңгімесі де қыс туралы. Апам: «етік болмаса да, күпі мен шапан сияқты киімді қыздарды жинап, тез тігуге болады» ,- дейді. Бір күні апам Дәметтің апасын, Мақаштың апасын және көрші ауылдың бір қызын шақырды. Бауырсақ пісіріп, самаурын қойып, оларға шай берді. Қыздар күпі тікті. Біраздан соң қыздар маған бір сабақ жіп беріп, Бәтіш жеңгеме апарып беруді айтты. Бәтіш жеңгем маған құрт-май берді. Кешке қарай күпі дайын болды. Апам қыздарға алғыс айтып, оларды шығарып салды.