Сатемір жеті жасында анасынан жетім қалады. Бір күні ол далада ойнап жүріп шаршайды да, бір ескі үйдің жанында демалып жатады. Сол кезде бір құмырсқаның үйдің төбесіне қарай өрмелеп бара жатқанын көреді. Құмырсқа қабырғаның ортасына жеткенде құлап түседі. Бірақ ол орнынан тұрып, қайта өрмелей бастайды. Екінші жолы бұрынғыдан жоғарырақ көтерілгенімен, тағы да құлайды.
Құмырсқа үшінші рет те тоқтамайды. Ақырында бар күшін салып, үйдің төбесіне шығады. Мұны көрген Сатемір ойланады. Ең кішкентай құмырсқа аяғы ақсақ болса да, еңбектеніп, мақсатына жеткенін байқайды. Осыны өз жағдайымен салыстырады. Өзінің білім іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенін түсінеді.
Содан кейін Сатемір қалаға кетеді. Қалада бір білімді адам бар екен. Сатемір соның үйіне жұмысқа тұрады. Жұмыс істей жүріп, бос уақытында оқу оқиды. Еңбек пен оқуды қатар алып жүрген ол соңында өте білімді адамға айналады.