Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Ескі сөз
B1 - Орта деңгей · 135 сөз

Ескі сөз

Аудио плеер
0:00 --:--
Орта жүздің Әз Тәйтеке биінің ұрпақтары ауылдың он шақты адамымен бірге Қуандықтың үйіне қонаққа барады. Шілде айы. Күн өте ыстық. Түсте жолаушылар бір ақ үйдің жанына келіп тоқтайды. Олар үйдегі адамдарды шақырады, бірақ ешкім шықпайды. Сондықтан өздері үйге кіріп отырады. Үйдегі әйел олардан ештеңе сұрамайды. Ол орнынан әрең тұрады. Қымыз құйылған үлкен ыдысты қолымен пісуге күші жетпейді. Сондықтан қымызды аяғымен піседі. – Балалар, біреуің ыдысты ұстап тұрыңдар, - дейді ол. Қонақтар мұны көріп күледі. Қонақтар қымыз ішіп, біраз демалған соң, әйел олардан: – Сендер не үшін неге күлдіңдер? - деп сұрайды. Қонақтар: – Біздің ауылда үлкендер қымызды аяқпен пісу дұрыс емес деп айтады. Біз мұндай нәрсені бұрын көрген жоқпыз. Сондықтан бізге дұрыс емес сияқты көрінді. Сол үшін күлдік, - дейді. Сонда әйел мақалдар арқылы жауап береді. Қонақтар өз әрекеттерінің дұрыс емес екенін түсініп, ұялып қалады.