Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Мұрагерсіз патша
B1 - Орта деңгей · 94 сөз

Мұрагерсіз патша

Аудио плеер
0:00 --:--
Баяғыда бір патша болыпты. Оның ұлы болмапты. Ол ұл бала туралы армандайды екен. Ұлы кейін оның орнына ел басқарады деп ойлайды. Бір уәзір оған кеңес береді: – Арманы жоқ әйелді табыңыз. Оның дамбалын әйеліңіз кисе, ұл бала туады, - дейді. Патша адамдарын әр жерге жібереді. Олар көп жерді аралап, арманы жоқ әйелді іздейді, бірақ таба алмайды. Әр әйелдің бір арманы бар. Қайтып келе жатқанда, олар ағаш көтеріп бара жатқан кедей әйелді көреді. Оны патшаға алып келеді. Патша:– Арманың жоқ па? - деп сұрайды. Әйел:– Арманым да жоқ, дамбалым да жоқ, - деп жауап береді.