Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
«Шегебай бар ма?»
A2 - Базалық деңгей · 121 сөз

«Шегебай бар ма?»

Аудио плеер
0:00 --:--
Біз үйде отырдық. Үйдің есігі ашылып, бір әйелдің даусы естілді. Әйел: – Сәлеметсіздер ме? Шегебай осы үйде тұра ма? - деп сұрады. Мен бірден таңғалдым. Шегебай – менің әкем. Әйел әкемді неге іздейді? Осыны ойладым. Басқа бөлмеден шыққан Бану: – Иә, осы үйде тұрады. Кіріңіз, - деді. Әйел: – Кеше жедел жәрдем шақырыпсыздар. Бүгін Айбаршынды көруге келдім, - деді. Мен бәрін түсіндім. Ол – 6-учаскенің кезекші дәрігері. Дәрігерлер кейде адамды атымен емес, тегімен айтады. Бұрын тағы бір қызық оқиға болды. Бану мен Айбаршын ауруханада жатты. Мен әкеммен бірге ауруханаға бардым. Біз далада отырдық. Дәрігер терезеден: – Шегебай, ішке кіріңіз. Дала суық, - деді. Әкем қатты таңғалды. Дәрігер тағы да қайталады. Мүмкін адамның атына «ұлы» немесе «қызы» деген сөзді қосу керек шығар.