Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Жар таңдау
A1 - Қарапайым деңгей · 116 сөз

Жар таңдау

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрын біздің ауылда бір адам болды. Оның аты – Таңатар. Ол ақылды жігіт. Ол үйленбеген. Бір күні Таңатар үйленуге шешім қабылдайды. Сосын әйел іздейді. Ол ауылдарды аралайды. Екі қызы бар бір үйге келеді. Үлкен қыз 25 жаста, кіші қыз 20 жаста. Екі қыз да ақылды. Таңатар кіші қызды ұнатады. Бірақ әке-шешесі: «Үлкен қыз бірінші тұрмысқа шығу керек», – дейді. Таңатар келіседі. Қай қыздың шайы бұрын қайнайды, сол қызға үйленемін,-дейді. Ол екі қызға екі шәйнек береді. Екі қыз шәйнекке бірдей су құяды. Олар шәйнектерді бір уақытта отқа қояды. Үлкен қыз шәйнекті қайта-қайта ашады. Кіші қыз: «Әпкем шәйнегі бірінші қайнасыншы», - деп отырады. Ол шәйнекті ашпайды. Кіші қыздың суы бірінші қайнайды. Таңатар кіші қызға үйленіп, бақытты өмір сүреді.