Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Екі еріншек
B1 - Орта деңгей · 125 сөз

Екі еріншек

Аудио плеер
0:00 --:--
Итаяқ деген кәрі шал мен Шүйке деген кемпір болыпты. Олардың бір сиыры бар екен. Қыстың өте суық күні шал: - Сиырға шөп сал, – дейді. Кемпір: - Өзің сал. Мен суыққа шықпаймын, – дейді. Екеуі ұзақ дауласады. Ақырында: - Кім бірінші сөйлесе, сол сиырға шөп салады, – деп келіседі. Кемпір шалды сөйлеткісі келеді. Ол бір қу адамды шақырады. Қу адам шалға сәлем береді, сұрақ қояды, бірақ шал үндемейді. Содан соң ол шалды шымшылайды, шашын тартады, сақалын қырады, бетіне күйе жағады. Шал сонда да үндемейді. Қу адам кемпірге: - Енді бара бер. Шалың сені күтіп отыр, – дейді. Кемпір келіп, шалының түрін көріп шошиды. - Байғұс шалым, саған не болды? – деп айтады. Сол кезде шал орнынан тұрып: - Сиырға шөпті сен саласың! – деп айғайлапты.
Бабалар сөзі, 77 том.