Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Жар таңдау
A2 - Базалық деңгей · 121 сөз

Жар таңдау

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрын біздің елде бір ақылды жігіт болған. Оның аты – Таңатар. Ол үйленбеген. Бір күні: «Енді үйленемін», - деп шешеді. Содан кейін ол ауылдарды аралап, бір үйге келеді. Үйде екі қыз бар: үлкені 25 жаста, кішісі 20 жаста. Екеуі де ақылды. Кіші қыз сұлулау және бойы ұзындау. Таңатар кіші қызды ұнатып, оған үйленгісі келеді. Бұл отбасында бір дәстүр бар: үлкен қыз бірінші тұрмысқа шығу керек. Олар осы дәстүрді сақтайды. Таңатар былай дейді:– Екі қыз екі шәйнекке бірдей су құйсын. Шәйнектерді бір уақытта отқа қойсын. Шәйнегі бірінші қайнаған қызға үйленемін. Үлкен қыз бірінші тұрмысқа шыққысы келеді. Ол шәйнегін қайта-қайта ашады. Кіші қыз: «Әпкем бірінші тұрмысқа шықса екен», – деп өз шәйнегін ашпайды. Соңында кіші қыздың шәйнегі бірінші қайнайды. Таңатар кіші қызға үйленеді.