Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Жар таңдау
B2 - Ортадан жоғары · 136 сөз

Жар таңдау

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрын біздің елде бір ақылды жігіт өмір сүріпті. Оның аты – Таңатар. Ол өзіне лайық қыз іздеп, көп жыл үйленбеген. Бір күні енді үйлену керек деп шешіп, ауылдарды аралауға шығады. Бір үйге келеді. Үйдің 25 жастағы және 20 жастағы қыздары бар екен. Екеуі де ақылды әрі тәрбиелі. Кіші қыз үлкенінен сұлулау, бойы да ұзындау. Таңатар кіші қызды ұнатып, оған құда түскісі келеді. Дегенмен қазақ дәстүрі бойынша, әпкесі тұрғанда сіңлісі тұрмысқа шықпайды. Отбасы бұл дәстүрді бұзғысы келмейді. Сонда Таңатар бір шарт ұсынады:– Екі қыз бірдей екі шәйнекті суға толтырып, бір уақытта отқа қойсын. Қайсысының шәйнегі бұрын қайнаса, соған үйленемін. Үлкен қыз өзінің бірінші тұрмысқа шығуын қалайды. Сондықтан шәйнегінің қақпағын қайта-қайта ашып қарайды. Кіші қыз болса, әпкесінің бірінші тұрмысқа шығуын қалайды. Ол шәйнегінің қақпағын ашпай отырады. Соңында кіші қыздың шәйнегі бұрын қайнайды. Таңатар кіші қызға үйленіп, мақсатына жетеді.