Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Құмырсқалар
A2 - Базалық деңгей · 87 сөз

Құмырсқалар

Аудио плеер
0:00 --:--
Шәріп атаның бір құмыра балы бар еді. Құмыра үйдің бір бұрышында тұрған. Бір күні ол бал жеп жатқан құмырсқаларды көрді. Шәріп балды сақтау үшін құмыраны жіппен төбеге ілді. Бірақ құмыраның ішінде бір құмырсқа қалды. Құмырсқа жол іздеді. Ол жіппен төбеге шықты, қабырғаға жетті, содан кейін жерге түсті. Кейін басқа құмырсқалар да сол жолмен жүріп, құмыраға кірді. Бір күні Шәріп құмыраны қарады. Бал жоқ. Құмырсқалар барлық балды жеп қойыпты. Бір құмырсқа жолды бірінші тапты. Басқа құмырсқалар сол жолмен келді. Шәріп мұны білмеді. Ол құмырсқалардың да ақылды екенін ойламады.