Қалтақбас бір жұмыртқа тауып алады. Ол жұмыртқаны алақанына салып, қиялдай бастайды:
- Бұл жұмыртқаны байға апарсам, ол маған бір тоқты береді. Тоқты өсіп, қой болады. Қойдың орнына сиыр аламын. Сиыр бұзаулайды. Сиырды сатып, бие аламын. Бие құлындайды. Содан соң түйе аламын. Бай боламын. Тайболат маған қызын береді. Үйленемін. Той болады. Көп қыздар маған қарайды, бірақ мен оларға қарамаймын. Қалыңдығым келгенде, оны "ап!" деп ұстаймын, - дейді.
Осы сөзді айтқанда, оның басы қалтақ етіп, қолын қатты сермейді. Алақанындағы жұмыртқа жерге түсіп, жарылып қалады. Қалтақбастың барлық қиялы бір жұмыртқамен бірге бітеді.
Vocabulary
тоқты – a young sheep
бұзаулау – to calve; to give birth to a calf
бие – a mare; a female horse
құлындау – to foal; to give birth to a foal
қалтақ ету – to make a sudden shaky movement
қолын сермеу – to swing/wave one’s hand or arm