Шәріп шалдың бір құмыра балы бар еді. Ол құмыраны үйдің бір бөлмесінде сақтайтын.
Бір күні балды құмырсқалар жеп жатқанын көрді. Құмырсқалар көп еді. Осылай бола берсе, бүкіл балын жеп қоюы мүмкін деп ойлады.
Шәріп құмыраны жіппен төбеге ілді. Бірақ ішінде бір құмырсқа қалып қойды. Ол илеуіне қайтатын жол іздеді. Жіппен төбеге шықты, төбеден қабырғаға, қабырғадан жерге түсті.
Бір күні Шәріп құмырсқалардың жерден қабырғаға, қабырғадан төбеге, төбеден жіпке шығып, құмыраға кіріп жатқанын көрді. Құмыраны қараса, балдан ештеңе қалмапты. Құмырсқалар бәрін жеп қойған.
Шәріп бір құмырсқаның барлық құмырсқаға жол көрсеткенін білмеді. Ол құмырсқаның да ақылы барын аңғармаған сияқты.