Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Орынды кеңес
A2 - Базалық деңгей · 68 сөз

Орынды кеңес

Аудио плеер
0:00 --:--
Баяғыда екі адам бір жерде жұмыс істеді. Біреуі – басшы, екіншісі – жұмысшы. Бірақ олар жиі ұрсысатын. Бір күні басшы Қапазға келіп: – Ол мені тыңдамайды. Оған айтыңызшы, - деді. Қапаз: – Сендерде кім басшы? - деп сұрады. – Мен басшымын, - деді ол. – Онда бірінші сен кешірім сұра, - деді Қапаз. Басшы біраз ойланды. Содан кейін жұмысшыдан кешірім сұрады. Екеуі татуласып, әр қарай жұмыс істей берді.