Қазақ тілінде «сал» деген түсінік бар. Сал – бай әрі өнерлі жас жігіт. Ол достарымен ауыл аралайды. Оның киімі қымбат әрі ерекше стилде. Ол жақсы ат мінеді.
Сал ауылға келеді. Адамдар қарсы алады, оған құрмет көрсетеді. Қыздар оны үйге кіргізеді. Оның киімінен ақша, шай және басқа заттар түседі. Қыздар оларды жинайды.
Біреу салдан бір нәрсе сұраса ол оны береді. Ол өзі тамақ ішпейді, қыздар оған тамақ береді. Қыздар салмен бірге басқа ауылға дейін барады. Сал осылай ауыл аралап жүреді.