Бір күні Айжарықтың үйіне бір молда келіп қонады. Тамақтан кейін молда Құран оқиды.
Айжарық молданың бетіне қарап отырып, жылай бастайды.
Молда құран оқып болған соң:
- Құран даусына әсерленіп жыладыңыз ба? - деп сұрайды.
Айжарық:
- Жоқ, молдеке. Жақында бір серкем жоғалып еді. Оның да сақалы сіздің сақалыңыз сияқты желқабақ еді. Сізді көріп, сол серкем есіме түсіп кетті, - дейді.
Молда не айтарын білмей сасып қалады.
Vocabulary
Серке – a male goat
Желқабақ – a thin, sparse, scruffy beard / a wispy beard
Сасу - to get flustered