Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қарамерген
A2 - Базалық деңгей · 124 сөз

Қарамерген

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрын Қарамерген деген мерген өмір сүріпті. Ол көп жер көрген, көп тауға шыққан. Бір күні өзі бармаған бір үлкен тауға барғысы келеді. Ол отбасымен қоштасып, жолға шығады. Көп күн, көп ай жүрді, қатты шаршады. Ақыры тауға жетті. Бір тастың үстінде демалып отырды. Үлкен бүркіт келіп, оны алып кетті. Кейін бүркіт оны жоғарыдан тастады. Қарамерген жерге құлады, көп күннен кейін оянды. Ол аң аулады. Сол жерде тұрды. Бір күні бір көзі бар кемпір келді. Қарамерген оған ет берді. Кемпір: «Түнде тағы келемін», - деді. Қарамерген ағаштан адам сияқты бір зат жасады, өзі ағаштың артына отырды. Түнде кемпір келді. Қарамерген оны мылтықпен атты. Кемпір кетті. Қарамерген оның үйіне кірді. Үйде алтын, күміс және қымбат заттар болды. Ол бірнеше қымбат зат алып, үйіне қайтты. Ол мақсат-мұратына жетті.