Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қарамерген
B1 - Орта деңгей · 208 сөз

Қарамерген

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрын Қарамерген деген атақты мерген болыпты. Ол көп жер көріп, көптеген тауға шыққан екен. Бір күні өзі шықпаған бір тау қалғанын ойлап, сол тауға баруды шешеді. Үйіндегі адамдармен қоштасып, жолға шығады. Көп күн, көп ай жүріп, қатты шаршайды. Ақыры тау жаққа жетеді. Бұл жерге бұрын адам өте сирек келген екен. Қарамерген бір тастың үстінде демалып тұрғанда, төбесінен бүркіт келіп, оны алып кетеді. Бүркіт оның адам екенін білген соң, Қарамергенді жерге тастайды. Ол көп күн есін білмей жатып, кейін оянады. Төмен қараса, өте биік жер. Қайда барарын білмейді. Бірақ тірі қалу үшін аң аулап, тамақ пісіріп, сол жерде өмір сүреді. Бір күні ол аңның етін пісіріп отырғанда, маңдайында жалғыз көзі бар Жалмауыз кемпір келеді. Кемпір үндемей отырады. Қарамерген оған ет береді. Кемпір етті сүйегімен бірге жейді. Содан кейін түнде тағы келетінін айтып кетеді. Қарамерген одан зиян келуі мүмкін деп ойлайды. Ол ағаштан адам сияқты нәрсе жасап, үстіне киімін жабады да, өзі мылтығын алып жасырынады. Түнде Жалмауыз кемпір келгенде, Қарамерген оның жалғыз көзін көздеп атады. Кемпір қашып, бір үлкен тастың түбіне барып құлайды. Қарамерген оның артынан қуады. Кемпір жатқан жердің жанында бір үй бар екен. Қарамерген үйге кірсе, ішінде алтын, күміс, жібек және қымбат заттар көп. Ол бірнеше қымбат зат алып, үйіне қайтады. Бірнеше айдан кейін үйіне келіп, мақсат-мұратына жетеді.