Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Алдар көсе мен Шайтан
A2 - Базалық деңгей · 157 сөз

Алдар көсе мен Шайтан

Аудио плеер
0:00 --:--
Бірде Алдар көсе мен Шайтан алыс жолға бірге шығады. Екеуі жолда бір-бірін кезекпен арқалап жүруге келіседі. Бірінші Алдар көсе Шайтанның арқасына отырады. Ол: «Менің әләләйім біткен соң, мен сені арқалаймын», – дейді. Шайтан Алдар көсені ұзақ уақыт арқалап жүреді. Сондықтан ол қатты шаршайды. Бір кезде Шайтан: «Әләләйің қашан бітеді?» – деп сұрайды. Алдар көсе: «Әләләйім бітсе, бүләләйім бар», – деп жауап береді. Шайтан бұл сөзді естиді. Ол Алдар көсені тастап, өзі қашып кетеді. Бір күні Шайтан Алдар көсемен тағы да кездеседі. Ол Алдар көседен: «Сен неден қорқасың?» – деп сұрайды. Алдар көсе: «Мен майдан, құрттан және сөктен қорқамын», – дейді. Алдар көсе Шайтанға: «Сен неден қорқасың?», – деп сұрайды. Шайтан: «Мен оттан ғана қорқамын», – дейді. Сосын Шайтан Алдар көсенінің қасына май, құрт және сөк қояды. Оның мақсаты – оны қорқыту. Бірақ түнде Алдар көсе олардың бәрін жеп алады. Содан кейін ол от жағып, Шайтанды қорқытады. Ал Шайтан қашып кетеді. Алдар көсе осылай оны тағы да алдайды.
Жинаушы: А. Диваев. Қолжазба 55, №2, 1920 ж.