Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Жол бойында
B1 - Орта деңгей · 276 сөз

Жол бойында

Аудио плеер
0:00 --:--
Мамыр айы. Қазақ жігіттері жұмыстан ауылдарына қарай қайтып келе жатыр. Күн қатты ыстық. Терезені ашсаң, ыстық жел бетке соғады. Жолдың жанында аз ғана үйлер, бірді-екілі мал көрінді. Кейбір адамдар жолдың жанында жұмыс істеп жүр. Қолдарында күрек, өздері қатты шаршаған. Пойыздағы жолаушыларға қарап күліп қоятындары да бар. Пойыз бір бекетте тоқтады. Адам тым көп екен. Әйелдер айран, сүт, қымыз сатып жүр. Жақсы қымыз дайындау оңай емес: бие сауу, қымызды ұзақ дайындау және оған уақыт бөлу керек. Бір-екі биесі бар кедей адамның мұндай қымызды дайындауы қиын. Сондықтан сатуға шығарылған қымыздың сапасы әрқашан бірдей бола бермейді. Бекетте бір шал қасыма келіп: - Шырағым, қай жақтан келесің?-деді. - Қызылордадан келеміз, ата, - деп жауап бердіи. - Қандай жаңалық бар? - Еш жаңалық жоқ. - Біздің жақта жастарды әскерге үйретіп жатыр, одан не білесің? - дейді. Жастарға әскер өнерін үйретудің не екенін түсінбегені көрініп тұр. Түсіндіріп айта бастап едім. - Бәсе, солай шығар, Бақтыбай соғысқа айдайды деп қорқытып еді. Касса алдында билет ала алмай тұрған халық көп. Әркім өз жұмысымен жолға шығады, билет табылмаса ренжиді. Бірақ пойызда бірнеше бос орын бар екен. Тіпті бір пойызда алты, басқа бір пойызда он сегіз орын бос. Орын бар, бірақ билет жоқ. Түсініксіз! Жолсерік суды босқа пайдаланатын және пойызға қоқыс тастаған адамдарға ренжулі. «Үкіметтің затын таза сақтау керек», - деді. Оның сөзі дұрыс. Ортақ затты таза ұстау – әр адамның міндеті. Бірақ бос орындар тұрғанда адамдарға билет сатпау да дұрыс емес. Үкіметтің затын сақтау деген оны тек таза ұстау емес, дұрыс пайдалану да маңызды. Пойыз әрі қарай жүрді. Терезеден кең дала, қызыл құм, шағын үйлер көрінді. Құмды жерге су керек. Елге білім керек. Жол бойындағы үйлер мен адамдар су мен білімнің қажет екенін аңғартып тұр.