Күз келді. Күн суық. Суық жел. Жел: «Қыс келеді, қыс келеді!» - деген сияқты. Кей адамдар қысқа дайындалып жатыр. Олар жылы киім дайындайды. Бірақ көшеде жылы киімі жоқ балалар да жүр. Олардың киімі ескі, өздері тоңып жүр.
– Сендер бақыттысыңдар. Біздің тамағымыз да, жылы киіміміз де жоқ, - дегендей олар адамдарға қарайды.
Кешке күн одан да суық болады. Балалар ескі үйдің жанында отырады.
– Бұл кім? – Бұл – ата-анасы жоқ жетім балалар.
Басқа үйлерде балалар жылы үйде отыр. Олар тамақ жейді, ойнайды, ата-анасымен бірге болады. Ал көшедегі балаларға тамақ пен киім керек. Қызылордада адамдар оларға көмектесуге дайындалып жатыр. Олар киім, тамақ және ақша жинауды жоспарлайды.
– Бізге де көмектесіңіздер! - дегендей балалар қарайды.
Бір балаға тамақ беру, жылы киім беру – жақсылық. Балалар да қуансын, жылы үйде отырсын.