Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Бай мен шал
B1 - Орта деңгей · 221 сөз

Бай мен шал

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрын бір шал мен кемпірдің бір қызы және бірнеше ешкісі болыпты. Бір күні шал ешкі бағып жүріп ұйықтап қалады. Сол кезде қасқыр ешкілерін айдап әкетеді. Шал оянып, ізге түседі. Ол қасқырдың інін тауып, іннің аузына қап ұстап күтіп тұрады. Біраздан соң қасқыр іннен шығады. Шал қасқырды қапқа салып, ауылына қайтады. Жолда бір байдың үйіне қонады. Үйге кіріп, арқасындағы қапты керегенің басына іледі. Біраз уақыттан кейін бай шалдан: – Қабыңызда не бар? – деп сұрайды. Шал: – Қапта тұқымы асыл бір көк қошқар бар, – дейді. Бай: – Қошқарыңды маған сат, – дейді. Шал: – Жақсы, сатайын. Бірақ бәленше тілдә бер, – дейді. Бай сұрағанын береді. – Мұны қаптан шығарып, қойға жіберейік, – дейді бай. Шал: – Жоқ, қазір жіберуге болмайды. Адамдар ұйықтаған соң жіберу керек, – дейді. Бай келісіп, ел тегіс ұйықтаған соң «көк қошқарды» қораға жібереді. Әлгі «көк қошқар» тоқты мен қойларды жеп кетеді. Ал шал тілдәні алып, кетіп қалады. Келесі күні бай тұрып, қораны қарайды. Көп қой өліп жатыр екен. Түндегі «көк қошқар» қошқар емес, көк қасқыр екен. Бай, сөйтіп, шалға алданып қалған екен. Сөздік: ін - den; burrow қону - to stay overnight кереге - the lattice wall of a yurt қошқар - ram тілдә - tilla; an old gold coin тұқымы асыл - of a fine breed тоқты - a young sheep алдану - to be deceived
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 32–33-б.