Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қожа мен имам
A2 - Базалық деңгей · 72 сөз

Қожа мен имам

Аудио плеер
0:00 --:--
Қожа бір күні мешітте намаз оқып тұрған екен. Көп кісімен бірге еңкейгенде, Қожаның артындағы бір жігіт қалжыңдап, оның құйрығына түртіпті. Қожа мұны байқайды да, алдындағы имамның құйрығына түртеді. Қожа қайратты кісі екен. Молда сүрініп, намазы бұзылады. Ол Қожаға қарап: – Мұныңыз қалай? Мұныңыз дұрыс па? – депті. Қожа: – Молдеке, маған айтпаңыз, менің артымдағы жігіттен сұраңыз. Мені бұл кісі түртті, мен де сізді түрттім. Бұл жердің ережесі осы деп ойладым, – дейді.
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 311-б. «Қожанасырдан сөз» топтамасынан.