Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қалтақбастың қиялы
B1 - Орта деңгей · 143 сөз

Қалтақбастың қиялы

Аудио плеер
0:00 --:--
Қалтақбас бір жұмыртқа тауып алады. Ол жұмыртқаны алақанына салып, қиялдай бастайды: – Бұл жұмыртқаны байға апарсам, ол маған бір тоқты береді. Тоқты өсіп, қой болады. Қойдың орнына сиыр аламын. Сиыр бұзаулайды. Сиырды сатып, бие аламын. Бие құлындайды. Содан соң түйе аламын. Бай боламын. Тайболат маған қызын береді. Үйленемін. Той болады. Көп қыз маған қарайды, бірақ мен оларға қарамаймын. Қалыңдығым келгенде, оны «ап!» деп ұстаймын, – дейді. Осы сөзді айтқанда, оның басы қалтақ етіп, қолын қатты сермейді. Алақанындағы жұмыртқа жерге түсіп, жарылып қалады. Қалтақбастың барлық қиялы бір жұмыртқамен бірге бітеді. Сөздік: алақан - palm of the hand тоқты - a young sheep бұзаулау - to calve; to give birth to a calf бие - mare; a female horse құлындау - to foal; to give birth to a foal қалыңдық - bride қалтақ ету - to wobble suddenly қолын сермеу - to swing one’s arm
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 152-б.