Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Молда мен серке
B1 - Орта деңгей · 115 сөз

Молда мен серке

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір күні Айжарықтың үйіне бір молда келіп қонады. Тамақтан кейін молда Құран оқиды. Айжарық молданың бетіне қарап отырып, жылай бастайды. Молда Құран оқып болған соң: – Құран әуеніне әсерленіп жыладыңыз ба? – деп сұрайды. Айжарық: – Жоқ, молдеке. Жақында бір серкем жоғалып еді. Оның да сақалы сіздің сақалыңыз сияқты желқабақ еді. Сізді көріп, сол серкем есіме түсіп кетті, – дейді. Молда не айтарын білмей қалады. Сөздік: молда - mullah; a Muslim religious teacher Құран - the Quran әсерлену - to be moved; to be affected emotionally серке - a male goat used to lead a flock сақал - beard желқабақ - bushy; shaggy (of a beard) есіне түсу - to come to mind; to remember
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 196-б.