Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Хан мен кедей жолаушы
B1 - Орта деңгей · 240 сөз

Хан мен кедей жолаушы

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір кедей жолаушы ұзақ жол жүріп, Бұхар қаласына келіпті. Қалаға келген соң ол түп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын екен. Жолаушы сырт киімін шешіп, демалып, тамақ жей бастапты. Ханның жеңдеттері оны қуа бастапты. Жолаушы: – Демалып болған соң, өзім кетемін, – дейді. Хан ашуланып: – Ей, әдепсіз кедей, көрмейсің бе, бұл қонақүй емес, менің сарайым! – депті. Жолаушы: – Бұл сарайда бұрын кім тұрды? – деп сұрайды. – Менің әкем тұрды, – дейді хан. – Әкеңнен бұрын кім тұрды? – Атам тұрды. – Атаңнан бұрын кім тұрды? – Арғы атам тұрды. – Сенен соң бұл сарайда кім тұрады? – Менің балам тұрады. – Балаңнан кейін кім тұрады? – Менің немерем тұрады. Одан кейін оның балалары тұрады. Құдай бұйырса, менің тұқымымнан біреу тұрады, – деп жауап береді хан. – Мінекей, бұл сарайда бір адамнан соң бір адам тұрады. Бәрің де бұл сарайда тұрған қонақсыздар, – дейді жолаушы. Ашуланшақ хан ойланып тұрып, әмір қылыпты: – Жолаушыға тамақ, сый бер! Жолаушы тамағын жеп, дем алады, бірақ берген сыйды алмайды. – Мен жолаушымын, маған берген сыйларың керек емес, – дейді. Мұның сөзін ханға айтқанда, хан тағы да таң қалыпты. Сөздік: ауыз үй - entrance room; vestibule жей бастау - to start eating жеңдет - executioner; here, a khan’s armed attendant әдепсіз - ill-mannered; impolite сарай - palace немере - grandchild Құдай бұйырса - God willing тұқым - descendants; lineage әмір қылу - to command; to give an order сый - gift
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 49–50-б.