Ертеде бір адал патша болады. Ол уәзірлеріне: «Ешкім пайда таппасын. Кешке шам жақпасын», – деп бұйрық береді. Уәзірлер бұл бұйрықты елге жеткізеді.
Бір күні түнде патша ескі киім киеді. Содан кейін елді аралайды. Бір үйде шам жанып тұрады. Оны патша көреді. Бұл етікшінің үйі еді. Патша сол үйге барады. Сосын қайыршы сияқты етікшіден көмек сұрайды. Етікші оған нан береді. Содан кейін етікшіден: «Неге патшаның бұйрығын орындамадың», – деп сұрайды. Етікші: «Мен кедеймін. Күнде төрт теңге пайда табамын және төрт теңге зиян көремін», – дейді. Патша бұл сөзді түсінбейді. Патша төрт уәзіріне: «Бұл сөздің мағынасы қандай?» – дейді.
Үш күн өтеді. Бірақ уәзірлер жауап таба алмайды. Сол уақытта етікші уәзірлерге келеді. «Патшаның сұрағына жауабым бар», – дейді. Бірақ жауабы үшін ақша сұрайды. Уәзірлер келіседі. Сосын ол: «Бір теңгені балама беремін, себебі мен кейін қарт боламын. Сол кезде балам маған көмектеседі. Бір теңгені әке-шешеме беремін, себебі олар мені өсірді. Бір теңгені қызыма, бір теңгені әйелім екеуімізге жұмсаймын. Төрт теңге туралы әңгіменің мағынасы осы», – деп жауап береді. Патша: «Етікші ақылды адам екен», – дейді. Содан кейін оны өзіне уәзір етеді.
Дереккөз
Жинаушы: А. Диваев. «Тарту» жинағы. – Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924. – 91-б.