Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Көзін өзі жесін
B1 - Орта деңгей · 145 сөз

Көзін өзі жесін

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір шалдың соңғы алған жас әйелі болыпты. Жас әйел шалмен тұрғанына қанағаттанбай, бір жігітпен кездесіп жүреді екен. Ол жігіт үйге келіп-кетіп жүреді екен. Шалдың ешкілері болады екен, ешкілерін бағып, түске жақын үйіне келсе, баяғы жігіт жиналған жүктің арасында жасырынып жатыр екен. Шал келген соң әйел оған кешегі кештен қалған ешкінің басын беріпті. Шал басты айналдырып жеп, мүжіп отырса керек, шалдың үш жасар баласы жиналған жүктің арасында отырған жігіттің көзін көріп қалып: – Ата! Ата! Көзін-ай, көзін-ай, – депті. Әйел «Үндеме, атаң көзін өзі жесін», – деп, баланы қағып жіберіпті. Шал бала оның қолындағы ешкі басының көзін айтып тұр деп ойлап, үндемей қалыпты. «Қапияда қатын табар» деген осындайдан шыққан әңгіме болуы керек. Сөздік: қанағаттану - to be satisfied жүк - stacked bedding and household belongings мүжу - to gnaw meat off a bone қағып жіберу - to push or strike aside қапия - an unexpected moment
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 167-б.