Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қағанақбас, Қылкеңірдек, Шиборбай
B1 - Орта деңгей · 135 сөз

Қағанақбас, Қылкеңірдек, Шиборбай

Аудио плеер
0:00 --:--
Қағанақбас, Қылкеңірдек, Шиборбай – үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, сойыпты. Тоқтыны мүшелеп, етін қазанға салыпты. Қағанақбас қарынды сыртқа алып шыққанда, қара шыбындар қарынға да, оның басына да қаптай үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қағанақбас аңдамай қолын сілтеп, басын ұрып алыпты. Пиаладай жұқа басы жарылып, өліпті. Қағанақбас неге кешікті деп, Шиборбай шыға келсе, өліп жатқан Қағанақбасты көре салып: – Ай, әттеген-ай! – деп, екі қолымен санын ұрып қалғанда, шидей жіңішке аяғы сынып, ол да өліпті. Мұның даусымен Қылкеңірдек жүгіре шығып, өліп жатқан екі жолдасын көріп: – Ойбай! Бауырым-ай! – дегенде жіңішке кеңірдегі шыдамай, үзіліп кетіпті. Сөздік: тоқты - yearling sheep мүшелеу - to cut into joints үймелеу - to swarm around аңдамай - without noticing; carelessly сілтеу - to swing; to wave шидей - as thin as a reed кеңірдек - windpipe
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 197-б.