Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Ақылды етікші
B1 - Орта деңгей · 258 сөз

Ақылды етікші

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрынғы уақытта халқына пайдасы көп әрі адал бір патша өмір сүріпті. Халқы оның бұйрықтарын үнемі орындапты. Бір күні патша олардың кез келген бұйрықты орындайтынын тексермек болыпты. Сондықтан ол уәзірлеріне: «Халыққа айтыңдар. Ешкім пайда таппасын және кешке шам жақпасын! Осы екі бұйрықты халыққа жеткізіңдер”, - деп тапсырыпты. Уәзірлер бұл бұйрықты халыққа хабарлапты. Бір күні патша халықтың бұйрықты қалай орындағанын тексеру үшін үстіне ескі киім киіп, түнде елді аралапты. Патша бір үйден шамның жарығын байқап, қайыршы секілді болып ішке кіріпті. Үйде біреу етік тігіп отырыпты. Етікші келген адамға кішкентай нан беріпті. Патша оның бұйрықты бұзғанын айтып, неге шам жағып отырғанын сұрапты. Етікші өзінің кедей адам екенін айтып, күн сайын төрт теңге пайда табатынын және төрт теңге зиян келтіретінін түсіндіріпті. Патша бұл сөздің мағынасын түсінбей қалыпты. Патша үйіне келіп, төрт уәзіріне етікшінің «төрт теңге пайда» және «төрт теңге зиян» деген сөзінің мәнін төрт күн ішінде өздері түсіндіруін немесе басқа түсіндеретін адам табуын тапсырыпты. Егер төртінші күнге дейін жауап таппаса, жазалайтынын ескертіпті. Үш күн бойы уәзірлер ештеңе таба алмапты. Сосын олар патшадан қашуды ойлапты. Сол кезде етікші олардың жанына келіп, бұл сөздің мәнін түсіндіре алатынын айтыпты. Сөйтіп уәзірлер оған ақша беретін болып келіседі де, бәрі бірге патшаға барыпты. Етікші патшаға төрт теңгенің мәнін былай түсіндіріпті: - Бір теңгені балама беремін, өйткені ол қартайғанда маған қарайды. Бір теңгені бала кезінде мені өсірген қарт әке-шешеме беремін. Бір теңгені күйеуден қайтып келген қызыма беремін. Соңғы теңгені әйелім екеуіміз күнделікті қажетімізге жұмсаймыз. Патша сол кезде етікшінің сөзін түсініп, оның ақылды адам екенін түсініпті. Оны қасына уәзір етіп алыпты. Содан бастап етікші бай болып, өз мақсатына жетіпті.
Жинаушы: А. Диваев. «Тарту» жинағы. – Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924. – 91-б.