Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қожанасыр мен май
B1 - Орта деңгей · 161 сөз

Қожанасыр мен май

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір күні Қожанасыр кесесін алып, жермай сатып алу үшін базарға барады. Дүкенге кіріп, бір қадақ май өлшетеді. Сатушы майды кесеге құяды. Бірақ майдың біразы кесеге сыймай қалады. – Қалған майды қайтеміз? – деп сұрайды сатушы. – Кесенің мына жағында да орын бар, – дейді Қожанасыр. Ол кесесін төңкеріп ұстайды. Ішіндегі май жерге төгіледі. Сатушы ақшасын алып қойғандықтан, оған назар аудармайды. Қалған майды кесенің түбіндегі кішкентай ойыққа құяды. Қожанасыр кесені сол күйінде ұстап, үйіне келеді. – Май алып келдім! – дейді ол әйеліне. Әйелі әкелген майды көріп: – Базарға әдейі барып, алғаның осы аз ғана май ма? – деп сұрайды. – Жоқ, көбі мына жағында, – дейді Қожанасыр. Ол кесесін қайта аударады. Сөйтіп, қалған майы да төгіледі. Сөздік: жермай - kerosene қадақ - an old unit of weight (approximately 400 grams) өлшету - to have something measured сыймай қалу - not to fit төңкеру - to turn upside down төгілу - to spill ойық - hollow; recess әдейі - on purpose; specially
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 308-б.