Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қожанасыр мен айна
B1 - Орта деңгей · 167 сөз

Қожанасыр мен айна

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір күні Қожанасыр базарға келеді. Онда адам бойындай үлкен айна тұрған екен. Қожанасыр айнаға жақындап, өз бейнесін көреді. Ол таң қалып, дереу әйеліне барады. – Қожанасыр біреу емес, екеу екен! Базарда дәл маған ұқсайтын тағы бір адам бар. Мен бір жаққа кеткенде, оны мен екен деп ойлап қалма! – дейді. – Не айтып тұрсың? Менің көзім жоқ па? – дейді әйелі. – Онда жүр, екеумізді салыстырып көр, – дейді Қожанасыр. Ол әйелін ертіп, базарға қайта барады. Екеуі айнаның алдына келеді. Әйелі: – Бұл айна ғой. Қарашы, мен де оның арғы жағында тұрмын, – дейді. Қожанасыр әйелінің сөзін түсінбейді. – Мен ол адамды өзіме ғана ұқсайды деп ойлап едім. Оның да дәл сен сияқты әйелі бар екен ғой! Егер ол саған жамандық жасаса, мен де оның әйеліне жамандық жасаймын, – дейді. Сөздік: айна - mirror бейне - image; reflection дереу - immediately ұқсау - to resemble салыстыру - to compare ерту - to take someone along арғы жақ - the other side жамандық жасау - to do harm
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 314-б.