Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қожаның саудагерді ұтуы
B1 - Орта деңгей · 268 сөз

Қожаның саудагерді ұтуы

Аудио плеер
0:00 --:--
Қожанасыр балаларын киіндіру үшін жалғыз сиырын базарға сатуға апарады. Бірақ арық сиырды ешкім алмайды. Бір адам оған шапанын ұсынады. Қожа «Бәрімізге жамылуға жарайды» деп, сиырын шапанға ауыстырады. Одан соң шапанын малақайға айырбастайды. Қожа малақайды киіп, үйіне қайтады. Күн ыстық болғандықтан, бұлақтан су ішпек болады. Еңкейгенде, жел малақайын суға ұшырып түсіреді. Қожа оны ала алмай: – Салқындаған соң үйге өзің келерсің! – деп, жүріп кетеді. Жолда үш түйе жүгі бар бір ноғай саудагер кездеседі. Қожа оған болған жайды айтады. – Енді әйелің саған не дейді? – деп сұрайды саудагер. – Әйелім ешқандай қарсылық айтпайды, – дейді Қожа. Саудагер сенбей: – Егер әйелің ұрыспаса, үш түйе жүгімді саған беремін. Ал ұрысса, өмір бойы менің жүгімді тиеп жүресің, – дейді. Екеуі келісім жасайды. Қожаның үйіне келгенде, саудагер сыртта тыңдап қалады. – Сиырымды шапанға ауыстырдым, – дейді Қожа әйеліне. – Қайырлы болсын! Шапан да киім ғой, – дейді әйелі. – Шапанды малақайға ауыстырдым. – Малақай да бас киім ғой. – Ал малақайды жел суға түсіріп кетті. – Өзің аман келсең, болды. Басқа келген пәледен бастан құлақ садақа! – дейді әйелі. Сонда саудагер үйге кіріп: – Үш түйе жүгіңді ал! Әйелің адал екен, – дейді. Қожа жүкті алып, балаларын да, көршілерін де киіндіріп, тұрмысын жақсартады. Сөздік: шапан - traditional long robe малақай - warm fur hat айырбастау - to exchange; to barter ноғай - Nogai (an ethnic group) қарсылық айту - to object келісім жасау - to make an agreement жүк тиеу - to load goods бастан құлақ садақа - Better to lose a little than lose your life (literally: an ear is a sacrifice for the head) тұрмыс - living conditions; livelihood
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 316–318-б.