Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Әке мен бала
B1 - Орта деңгей · 180 сөз

Әке мен бала

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір адам он жасар баласымен егіннен жаяу келе жатады. Жолда аттың ескі тағасын көреді. – Балам, анау тағаны ала жүр, – дейді әкесі. – Сынып қалған ескі таға неге керек? – дейді бала. Әкесі үндемей, тағаны өзі иіліп алады. Қаланың шетіне келгенде, оны теміршіге үш тиынға сатады. Сол ақшаға шие сатып алады. Шиені орамалына салып, бір-бірден жеп келе жатады. Бала артынан қызығып еріп жүреді. Біраздан соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала оны тез алып, аузына салады. Кейін тағы бір шие түседі. Бала оны да алып жейді. Осылайша жерге түскен шиені алу үшін он шақты рет еңкейеді. Ақырында әкесі тоқтап, қалған шиені баласына береді. – Көрдің бе, балам? Ескі тағаны алу үшін бір рет иілуге еріндің. Ал сол тағаның ақшасына алған шиені жеу үшін он шақты рет еңкейдің. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың, – дейді. Сөздік: таға - horseshoe иілу - to bend down темірші - blacksmith тиын - coin; small monetary unit шие - cherry орамал - handkerchief; cloth қанағат ету - to be content with
Ыбырай Алтынсарин. «Әке мен бала». Wikisource, электрондық мәтін.