Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отырады. Анасы қасына отырып, ақыл айтады:
– Балам, дүниеде ештеңе керексіз болмайды. Әр нәрсенің бір пайдасы бар.
Қыз шапанды жамап болған соң, жерде жатқан мақтаның қиқымын терезеден далаға тастайды.
– Апа, мына қиқым ештеңеге жарамайды ғой, – дейді ол.
– Балам, оның да пайдасы бар, – дейді анасы.
Екеуі сөйлесіп, терезеден сыртқа қарап отырады. Сол кезде жел мақтаны көтеріп ұшырады. Оны бір торғай көріп, соңынан ұшады. Торғай мақтаны тұмсығына тістеп алып, ұшып кетеді.
– Апа, торғай мақтаның қиқымын алып кетті. Ол мақтаны не істейді? – деп сұрайды қыз.
– Көрдің бе, балам? Менің сөзімнің рас екені бірден белгілі болды. Торғай мақтаны ұясына төсейді. Онымен жас балапандарына жұмсақ, жылы орын жасайды, – дейді анасы.
Сөздік:
шапан - chapan; traditional long coat
жамау - to mend; to patch
мақта - cotton
қиқым - small scrap; fragment
торғай - sparrow
тұмсық - beak
балапан - chick; young bird
Дереккөз
Ыбырай Алтынсарин. «Бір уыс мақта». Wikisource, электрондық мәтін.