Ерте уақытта Қыпшақ Сейтқұл деген кісі өмір сүреді. Оның ауылында кедей адамдар көп болады. Сейтқұл: “Мен ауылдағы кедей адамдарды қалай бай етемін”, - деп ойлайды. Оның бір ағасы болады. Ол ауылда ұрлық және барымта жасайды. Ол солай ақша табады және бай болады. Бірақ Сейтқұл бұл жолды қолдамайды. Сондықтан ол кедей адамдармен Қабырға өзенінің бойына көшеді. Себебі ол елмен бірге еңбек етуді ойлайды, адал ақша табуды ойлайды.
Олар суға жақын жерге егін егеді. Сейтқұл өзеннің жанынан арық қазады. Содан кейін егінге су жібереді. Егін піскен соң оны тамаққа қолданады. Артық астықты басқа адамдарға сатады, содан кейін ақшаға мал сатып алады.
Бірнеше жылдан кейін Сейтқұлдың ауылы бай болады. Басқа ауылдағы кедей адамдар оған қосыла бастайды. Сейтқұл қасына ағасын да шақырады. Бірақ ол келмейді. Ағасы ұрлық, барымта жасай береді. Кейін Сейтқұлдың ағасы қаза болады. Сейтқұл оның отбасын көп жыл іздейді. Бір күні ағасының отбасын табады. Оларды өз ауылына көшіреді.
Дереккөз
Ыбырай Алтынсарин. «Қазақ әдебиеті хрестоматия», екінші бөлім. – Алматы, 1944.