Тоқтар Әубәкіров – қазақтың алғашқы ғарышкері. Ол бұрын ұшқыш болып жұмыс істеді. Кейін ғарышқа ұшты.
Журналистер оның өмірі мен еңбегі туралы көп жазды. Алғаш Жүсіпбек Қорғасбек онымен кездесіп, сұхбат алды. Ермұрат Бапи оның ғарышқа ұшқан кезі туралы жазды. Талғат Сүйінбай да қазақ ғарышы туралы көп еңбек жазды.
2010 жылы Түркияның Стамбул қаласында түркі халықтарының үлкен форумы өтті. Оған әр елден белгілі адамдар қатысты. Мен де осы жиынға қатыстым. Осы форумда Тоқтар Әубәкіров көп адамның көңілін өзіне аударды. Оның бойы ұзын, денесі ірі. Форумға келген адамдар онымен амандасып, суретке түскісі келді.
Форумда Тоқтар Әубәкіров сөз сөйледі. Ол қазақ халқының өмірінен мысал келтірді. Түркі халықтарының жақсы қасиеттері туралы айтты. Тыңдаушылар оның сөзін мұқият тыңдап, құрмет көрсетті.
Форум біткен соң біз Тоқтар ағаға дүкендерден костюм іздедік. Бірнеше дүкенге бардық. Алайда оның өлшеміндегі костюм таппадық. Содан кейін Дербіш Қылыш деген қазақ кәсіпкер Тоқтар ағаны өз дүкеніне апарды. Шеберіне оның өлшемін алғызды. Содан кейін арнайы костюм тіктірді.
Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні – қазақ елі үшін ерекше мереке. Біз әрқашан онымен мақтанамыз.
Дереккөз
Б. Омаров. Автордың 2022 жылғы 2 қыркүйектегі Facebook жазбасы.