Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Тезек тістеген түлкі
A1 - Қарапайым деңгей · 110 сөз

Тезек тістеген түлкі

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір жылы күзде нағашым біздің ауыл жаққа көшті. Оның аты – Мәті. Ол бала кезінен қой бақты. Ел оны бүркітші, саятшы деп атады. Себебі оның жақсы бүркіті мен иті болды. Иті аңды жақсы ұстайды. Мен сол итті көргім келді. Сондықтан кешке атпен жолға шықтым. Жолда суы аз өзен болды. Сол өзеннің қасына келдім. Сол жерде бір түлкіні көрдім. Ол аузымен бір затты тістеп алды. Мен оның не екенін білмедім. Түлкі өзеннің қасына барды. Мен алыстан түлкіге қарап тұрдым. Бір уақытта ол суға түсті. Содан кейін аузындағы затты суға тастады. Содан соң судан шықты. Денесіндегі суды сілкіді. Бір уақытта басын көтеріп үрді. Түлкі неге бұлай жасады? Мен түсінбедім. Сондықтан таңғалып қарадым.
А. Сейдімбек. «Лениншіл жас», 1970 жылғы 15 желтоқсан.