Төле және Әйтеке – қазақ елінің билері. Оларды бүкіл қазақ еліе біледі.
Бір күні Әйтеке би бірнеше адаммен бірге жолға шығады. Содан кейін олар Төле бидің ауылына мына сұрақты шешуге келеді: ерте уақытта Төле бидің ауылынан бір кісі Әйтекенің еліндегі бір кісіні өлтіреді. Бірақ осы үшін Әйтекенің елінен ешкім ештеңе сұрамайды. Әйтеке осы сұрақты шешу үшін Төлебиге келеді. Төле би қонақтардың алдынан шығады. Олардың алдына тамақ пен қымыз қояды. Содан кейін Төле би:
- Әйтеке, не үшін келдің? - деп сұрайды.
Әйтеке би өз ойын әдемі сөзбен жеткізеді. Төле би де оған әдемі жауап береді. Екі би бір-бірінің ойларын түсінеді.
Әйтекенің қасындағы адамдар билердің әңгімесін түсінбейді. Олар далаға шығып:
- Неге біздің сұрағымызды айтпадыңыз, - дейді.
- Айттым. Шештік. Олар бізге қыз беруге келісті, - дейді Әйтеке би.
Төле бидің ауылында Ақшолпан деген қыз болады. Сол қызды Әйтеке биге күйеуге береді. Кейін Ақшолпан Өтебас деген ұлын туады. Өтебас та елге танымал би болады.
Дереккөз
Өтеген мен Өтемұрат Қойшиевтер. Қалмахан Ысқақов ақсақалдан жазып алынған.