Ертеде қазақ елінде Әйтеке би мен Төле би деген атақты шешендер өмір сүреді. Олар қиын сұрақтарды ақылмен шешеді.
Бір уақыттарда Ұлы жүздің бір адамы Кіші жүздің бір адамын өлтіреді. Бірақ оның неге өлгенін сұрауға ешкім бармайды. Біраз уақыт өткен соң Әйтеке би осыны шешуге Ұлы жүз еліне келеді.
Әйтеке би мен оның қасындағы адамдарын үйге түсіріп, қонақ етеді. Тамақ ішіп болған соң, барлығы сөйлемей отырады. Сонда Төле би бірінші сөйлейді.
- Әйтеке, жол болсын! - дейді Төле би.
Әйтеке би келген мақсатын дәл, тура жеткізбейді. Ол ойын әдемі сөздермен жеткізеді. Төле би де оған шешендік сөзбен жауап береді:
- Қылышың болса мойныма, құшағың болса қойныма, - дейді.
Екі би бір-бірінің сөзін түсінеді. Бірақ Әйтекемен келген адамдар олардың қалай, неге келіскенін түсінбейді. Сыртқа шыққанда:
- Біздің жұмысымыз айтылмады ғой, - дейді олар.
- Айтылды. Ұлы жүз елі бізге жасауымен бірге қыз беретін болды, - деп түсіндіреді Әйтеке би.
Келесі күні Назар деген кісінің Ақшолпан атты қызын Әйтекеге береді. Кейін Ақшолпаннан Өтебас деген танымал би дүниеге келеді.
Дереккөз
Өтеген мен Өтемұрат Қойшиевтер. Қалмахан Ысқақов ақсақалдан жазып алынған.