Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Өмірбаяным
A1 - Қарапайым деңгей · 162 сөз

Өмірбаяным

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұл – біздің отбасымыздың тарихы. Біздің Сәмбет деген атамыз болған. Бір күні ол Орынбор жаққа барады. Жолда бір әдемі қызды көреді. Оны қатты ұнатады. Сол қызға үйленгісі келеді. Бірақ Сәмбеттің әйелі бар еді. Содан кейін қыздың әкесіне барады. Әкесінен қызын сұрайды. Қыздың әкесі келіседі. Сәмбет атамыз қыздың әкесіне қалың мал жібереді. Бір жылдан кейін әкесі қызды жібереді. Бірақ ол Сәмбет ұнатқан қызды емес, басқа қызды жібереді. Оның аты – Болпанай еді. Сәмбет Болпанайға үйленеді. Ол Сәмбеттің екінші әйелі болады. Сәмбет Болпанайға кішкентай үй береді. Болпанай сол үйде тұрады. Кейін Болпанай бірнеше ұл туады. Бірақ Сәмбет оларға көп бармайды, қарамайды. Бір күні ол Болпанай мен үлкен ұлының сөзін есітеді. Бала: «Біз неге кішкентай үйде тұрамыз? Неге бізде ат жоқ?» - дейді анасына. Сәмбет баласының сөзінен кейін ойланады. Содан кейін ол Болпанайға үлкен үй береді. Балаларына жылқы береді. Кейін Болпанайдың жеті ұлы болады. Ол ақылды әйел болады. Ауыл адамдары оны құрметтейді. Кейін сол ауыл «Болпанай ауылы» деп аталады. Біздің отбасымыз осы Болпанай анадан шығады.
Р. Сыздық. «Ғылым-ғұмыр». – Алматы: Арыс, 2014.