Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Жиырма жас
B2 - Ортадан жоғары · 213 сөз

Жиырма жас

Аудио плеер
0:00 --:--
Түн ішінде кенет есіктің ашылған дыбысынан селт етіп, басымды көтеріп алдым. Оразбай шығар деп ойлағанмын, бірақ бөлмеге апам кірді. Ол төрде қорылдап жатқан көкеме біраз қарап: – Сақтай гөр-ай, мына байғұс үйді көшіріп жіберетін шығар, – деп күбірледі. Содан кейін апам ақырын басып, мен жатқан кереуеттің жанына келді. Оразбайдың келгенін білгісі келген сияқты. – Әлі келген жоқ,- дедім. – Жабайжан, сен әлі ояусың ба?-деді апам. – Иә, апа, ояумын, – деп жауап бердім. Апамның көңілі орнына түскендей болды. Кереуеттің шетіне отырып, менің басымнан сипады. Мен Оразбайдың жұмыстан шаршап келгеннен кейін демалмай, түн ішінде жүретінін айтып реніш білдірдім. Ал апам менің сөзіме күліп: – Жігіт қой ол. Қазір тура жиырма жасқа толды. Сенің онда не жұмысың бар? – деді. Мен оның түннің бір уағында үйге кеш келетінін, үсті-басының суық болатынын айтып, Оразбайға өкпелегенімді білдірдім. Тіпті енді бөлек жататынымды айтып, көрпеге оранып, теріс қарап жаттым. Апам бұған кеңкілдеп күлді. Біраздан соң көрпемді ашып, басын кеудеме қойып: – Әй, сен жаманға не десем екен? Маған жаның аши ма, жоқ па? – деді. – Ашиды, – дедім. Сонда апам: – Жаның ашитын болса, бұлай бұртиып отырмас едің. Мен енді алпысқа келгенше қазан-ошақпен жалғыз алысып жүре берейін бе? Сен де бала емессің, есің кірді. Бұрын сенің жасыңдағы жігіттер келін түсіретін, – деді. Мен апамның сөзін бірден түсіне алмадым.
Т. Нұрмағанбетов.