Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Сарыарқаның жаңбыры (2-үзінді)
A2 - Базалық деңгей · 163 сөз

Сарыарқаның жаңбыры (2-үзінді)

Аудио плеер
0:00 --:--
Ауыл адамдарының көбісі ұйқыда жатты. Бір адам қолына аттың жүгенін ұстап, орманға қарай жүрді. Шағиман шал аттарды дайындап қойды. Таңертеңгі таза ауа адамға жақсы әсер етеді. Тау өте әдемі көрінеді. Бұл жерге табиғат өзінің барлық сұлулығын беріпті.Бір жерде қарт әйел от жағып отырды. Оттан көк түтін шығып жатты. Оның осы күнделікті жұмысы әдемі, жарасымды болды. Махмұт осының бәрін байқап, ойға қалды. Күн көтерілгенде, екі жолаушы атқа мінді. Бірі – Алтайдың қарт адамы Шағиман, екіншісі – Сарыарқаның жас жігіті Махмұт еді. Екі адамның өмірі бірдей емес. Шағиман шал көп нәрсені көрген, жасы үлкен адам. Ол өзіне тапсырылған істі жақсы орындайды. Əбдікерім болысқа адал ниетімен қызмет қылады. Ал Махмұт әлі жас. Оның болашағы арайлы, бірақ әлі анық емес. Екі адамның ойы мен арманы әртүрлі. Бірақ екеуінің де халыққа деген сүйіспеншілігі бар. Олар адамдарға жақсылық жасауды, жамандықтан аулақ болуды қалайды. Сол күні екі жолаушының ойы бір-біріне жақын болды. Олар тыныш, бейбіт таңды көріп, ерекше әсер алды. Өрелге келгенде Махмұттың қара аты Шағиман шалдың торы атынан озды.
О.Бөкей.