Апамның монологы:
Менің ауылым – Шәңгіштай. Үлкен ұлым ауылдан он бес жыл бұрын кетті. Қарағандыға жұмысқа барды. Ол шахтада жұмыс істейді. Кейін ауылдан басқа да адамдар қалаға кетті. Барлығы жиырма бес адам ауылдан кетті. Мен түсінбедім. Олар неге қалаға кетеді?- деп ойладым.
Мен де Қарағандыға бардым. Себебі үлкен ұлым Қылан қалаға шақырды. Қалада бәрі бар: үй, тамақ, киім. Шәңгіштайдың азаматтары: Құмаш, Шыңғыс, Тиянақ, Түсетай, Құмарқан, Мәнтай – бәрі де қалада шахтада істейді. Олар үйге келді, амандасты.
Мен жақсы өмір сүрдім. Бірақ мен ауылымды ойладым. Ауылдағы адамдарды, туыстарымды сағындым. Қалада жүріп қатты ауырдым. Дәрігерге бардым, бірақ дәрі көмектеспеді.
Мен балама: – Мені ауылға апар, -дедім
Балам мені ауылға апарды. Жолда Күркіреме деген бұлақ бар. Мен сол бұлақтың суын іштім, бетімді жудым.
Содан кейін өзімді жақсы сезіндім. Қайта ауырмадым. Мен ауылдың суын, табиғатын жақсы көремін. Туған ауыл адамға күш береді.