Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Алтын сағат
A1 - Қарапайым деңгей · 105 сөз

Алтын сағат

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір күні Чарли Чаплин Нью-Йорк метросына мінеді. Ол пойызбен үйіне қайтады. Ол қалтасынан алтын сағат табады. Чаплин таңғалады. Ол сағаттың қалтасына қалай түскенін білмейді. Чаплин алтын сағатты полицияға апарады. Келесі күні оған бір хат келеді. Хатты Чаплинге бір ұры жазады. Ол метрода бір адамның алтын сағатын ұрлайды. Содан кейін ол сағатты Чаплиннің қалтасына салады. Бірнеше жыл өтеді. Полиция ұрыны да, сағаттың иесін де таба алмайды. Сондықтан полиция сағатты Чаплинге қайтарады. Бірнеше күннен кейін Чаплин тағы бір хат алады. Хатты сағаттың иесі жазады. Ол газеттерден алтын сағат туралы оқиды. Чаплинге: - Бұл сағатқа алтын бау жіберемін.Сіздің өнеріңізді жоғары бағалаймын,-дейді. . Бұл қызықты оқиғаны Чаплин күнделігінде жазады.
Қазақ әдебиеті, № 30 05.08.2022 жыл.