Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Алтын сағат
B1 - Орта деңгей · 183 сөз

Алтын сағат

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір күні Чарли Чаплин Нью-Йорк метросымен үйіне қайтып келе жатады. Үйіне келген кезде, ол қалтасынан алтын сағат тауып алады. Чаплин бұл жағдайға қатты таңғалады, өйткені сағаттың қалтасына қалай түскенін түсіне алмайды. Сондықтан ол сағатты полиция бөліміне апарып тапсырады. Келесі күні Чаплинге пошта арқылы хат келеді. Хаттың авторы кәсіби қалта ұрысы екен. Ол кеше метрода бір бай адамның алтын сағатын ұрлағанын жазады. Сол кезде ол Чаплинді көріп, оған сыйлық жасағысы келіпті. Ұрлаған сағатты оның қалтасына салып жіберген екен. Бірнеше жыл бойы полиция ұрыны да, сағаттың иесін де таба алмайды. Ақырында алтын сағат Чаплинге қайта жіберіледі. Бұл ерекше оқиға туралы газеттер бірнеше рет мақала жариялайды.Бірнеше күннен кейін Чаплинге тағы бір хат келеді. Бұл жолы хатты алтын сағаттың иесі жазған еді. Ол бір жыл бұрын метрода алтын сағатын ұрлатып алған екен. Газеттерден сағатты белгісіз ұры Чаплинге сыйлағанын оқыған. Сағаттың иесі Чаплиннен алтын сағатты өзінде қалдыруын сұрайды. Ол Чаплиннің талантын ұрының жасаған сыйлығынан әлдеқайда жоғары бағалайтынын айтады. Өз сөзінің дәлелі ретінде ол сағатқа тағатын алтын бауды да жібереді. Чаплин бұл оқиғаны өз күнделігіне жазып қалдырған. Оның өнерін бағалаған адамдардың ыстық ықыласындай болған сол сағат қазір қайда екен?!
Қазақ әдебиеті, № 30 05.08.2022 жыл.