Бірде мен,-дейді Чарли Чаплин, Нью-Йорк метросының электр пойызымен жүріп өткенім бар. Үйге келгенде, қалтамнан алтын сағат тауып алдым. Бұл бағалы заттың қалтама қалай түсіп кеткеніне ақылым жетпеді де, оны полиция бөлімшесіне апарып өткіздім.
Келесі күні пошта тасушы маған хат әкеліп берді. Онда: «Құрметті Чаплин мырза! Сізге хат жазып отырған – кәнігі қалта ұрысы. Кеше мен метрода бір бай адамның алтын сағатын ұрлап кетіп едім. Метрода сізді кездестірдім де, бір сыйлық жасамақ боп, қалтаңызға салып жібердім. Қабыл алыңыз,-деп жазылған екен.
Арада жылдар өтті. Полиция ұрыны да, сағаттың иесін де таба алмады. Сосын амал жоқ, әлгі алтын сағатты өзіме қайта жолдаған екен. Бұл оқиға жайында газеттер бірнеше мәрте жазды да.
Міне, қызық! Бірнеше күн өткен соң тағы бір хат алдым. Сондағы хат иесінің сөзі: «Құрметті Чаплин мырза! Бір жыл бұрын мен метрода алтын сағатымды ұрлатып алған едім. Газеттерден белгісіз ұры оны сізге сыйлағаны жөнінде оқыдым. Сағаттың сізде қалғанын қалаймын. Мен сіздің талантыңызды қалта ұрысынан да артық бағалай алатынымды білдіргім келеді. Соның айғағы ретінде, сіздің алтын сағатыңызға алтын бау жіберіп отырмын».
Осынау оқиғаны Чаплин күнделігіне жазып қалдырыпты. Дүниенің төрт бұрышындағы қаншама көрерменнің Чаплинге деген ыстық ықыласындай болған сол сағат қазір қайда екен?!