Сәбидің үйіне қонақтар келеді. Оларды Жаңыл келін қарсы алады. Жаңыл – қара торы, ширақ әйел. Ол қонақтарға:
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын,-дейді
Қайыптың жанына екі бала отырады. Олар – Климен мен Энгельсина. Екеуі де шамамен он бір-он екі жаста. Бұл балалар Сәбидің алғашқы әйелінен туған. Ал Жаңыл Сәбиге екі жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Қайып – Сәбидің туған ағасы.
Қайып балалармен жақсы сөйлесетін. Ол үлкен адаммен үлкен адам сияқты, ал баламен бала сияқты сөйлесетін.
Бір кезде Қайып балалардан:
– Балалар, «қара қарғаның адастырмасы» дегенді білесіңдер ме?-деп сұрады. Содан кейін ол қара қарғалар туралы әңгіме бастады. Қара қарғалар көктемде жұмыртқа салады. Жаз бойы балапандарын өсіреді. Күзде балапандарына ұшуды үйретеді.
Қараша айы жақындағанда «Қазанның қара дауылы» деп аталатын уақыт болады. Сол кезде қарғалар балапандарын ертіп, аспанда көп ұшады. Бірде жоғары көтеріледі, бірде төмен түседі. Аспанда қарғалар өте көп, сондықтан аспан қара болып көрінеді. Халық бұны «қара қарғаның адастырмасы» деп атайды. Себебі осыдан кейін балапандар анасынан адасып кетуі мүмкін.
Энгельсина:
– Сонда анасы балаларын танымай ма?-деп сұрады.
Климен:
– Жоқ, балапандар анасын танымай қалады,- деді.
Қайып балаларға қарап:
– Қайып балаларға тағы бір ой айтты. Сендер де өсесіңдер. Мысалы, біреуің директор, біреуің ақын боласыңдар. Өз отбасыларыңды құрасыңдар. Сонда мені де, туған әкелеріңді де танымайтын жаңа адамдар, яғни сендердің балаларың дүниеге келеді. Бұл сөздің мағынасы – өсу. Балалар Қайыптың сөзін түсінген сияқты болды.